Атырау, 23 қараша 20:09
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда мектеп ауласында мұнайға ұқсас сұйықтық ағып жатыр

935 просмотра

Атырау қаласының маңында орналасқан Бесікті ауылындағы мектеп-интернаттың ауласында мұнайға ұқсас сұйықтық ағып жатыр, деп хабарлайды KAZINFORM

Аталған білім ордасының басшылары бұл туралы облыстық экология департаментіне хабар берген.

«Былтырдан бері мектеп жанында топырақтың бетіне сұйықтық шығып жатыр. Бастапқыда көлемі аз болды. Оны өзіміз топырақпен көмген едік. Бірақ, биыл сұйықтық қайта шығып, аумағы үлкейіп барады», - дейді білім ордасының директоры Лида Көшенова.

мұнай

Фото: Атырау облыстық экология департаменті

Атырау облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан ЕСЕНОВТЫҢ пікірінше, бұл мазут болуы мүмкін.

«Бұрын мектептер сұйық отынмен жылытылды. Қазір білім ордалары табиғи газ желісіне қосылды. Ал, аталған жанында ағып жатқан сұйықтық бұрынғы жылыту қазандығынан қалған сұйық отын болуы мүмкін деп топшыладық», - дейді Е.Есенов. 

Департаменттің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мамандар мұнай тәріздес сұйықтық ағып жатқан аумақтағы топырақтан сынама алған.

26 шілде, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.