Атырау, 23 қараша 20:23
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Түмен облысының делегациясы ҚазМұнайГазға іскерлік сапармен келді

1 038 просмотра
Сурет/kmg.kz

25 шілдеде Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев Түмен облысының губернаторы Александр Моор бастаған өңірдің бизнес делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Кездесуде мұнай-газ кластері, атап айтқанда мұнай-газ өндіруші компаниялардың жеткізушілері мен мердігерлерінің экожүйесі мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, ҚМГ алаңында Түмен облысының өнеркәсіптік компанияларының қатысуымен Demo-Day іс-шарасы өтті. Онда Түмен облысынан келген қатысушы компаниялар мен Мұнай-газ кластері қауымдастығы инновациялық әзірлемелері мен технологиялық шешімдерін таныстырды.

Қатысушылар арасында «Неомаш» ЖШҚ, «Базовое машиностроение» ЖШҚ, «Новые Технологии Севера» ЖШҚ, «Инновационные технологии» ЖШҚ, «Кенера» ЖШҚ, «Тюменьнефтетехнологии» ЖШҚ, «МИДО» ЖШҚ, «Аггреко Евразия» ЖШҚ, «АРМОТЕХ» ЖШҚ, «СКДЖИДЭС» ЖШҚ және «ДЖИА ГРУПП» компаниялары болды.

«Мұнай-газ кластері» қауымдастығы – Түмен облысының мұнай-газ нарығының түрлі қатысушыларын, оның ішінде мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарды, мұнай-газ жабдықтарын өндірушілер, мұнай сервис компаниялары және салалық ғылыми институттарын біріктіретін өңіраралық алаң.

25 шілде, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.