Жалпы ауданда келтірілген нұқсанды бағалау және өтеу жөніндегі комиссияға 70 өтініш түскен. Қарғын судан 58 шаруа қожалығы, 12 жеке тұлғаның 191 мал шығынға ұшыраған болатын. Жергілікті және облыстық бюдеттен, демеушілерден оларға 61 млн 772 мың теңге өтемақы төленді.
- Негізі арнайы құрылған комиссияға 31 тұрғын үй иесінен өтініш түскен еді. Оның ішінде 7 тұрғын үйдің құжатының жоқ болуына байланысты кері қайтарылып, ал 24-і қанағаттарды. Негізі шығынды техникалық бақылаушылар шығарып берген. Нәтижесінде 6 тұрғын үйге жөндеу ісі жүретін болса, қалған 18-і апаттық деп танылды, - дейді аудан әкімі Қанат ӘЗМҰҚАНОВ.
Негізі 4 тұрғын үй сұраса, ал 20 адамға баспана қаржысы өтелген. Бүгінде Қоныстану ауылынан үш, Миялыдан бір үйдің құрылысы жүруде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА