Атырау, 23 қараша 22:22
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«АМӨЗ» ЖШС бұрынғы басшысы Досмұратовқа қатысты қылмыстық іс аяқталды

1 135 просмотра

Қаржы мониторингі агенттігі «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатысты қылмыстық істі аяқтағанын хабарлады.

Мұрат Досмұратовқа өз қызметін асыра пайдаланып, мемлекетке аса ірі залал келтірді деген айып тағылған. 2022-2023 жылдар аралығында АМӨЗ қаражатын негізсіз бөліп, жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу шартын жасасты деген күдікке ілінген.

Қазір АМӨЗ бұрынғы басшысы үйқамақта. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етілмеген.

Атырау МӨЗ басшысы Мұрат Досмұратов қызметінен өз еркімен кеткен еді. ҚМА мен өңірлік прокуратура Атырау мұнай өңдеу зауытын тексеруді 28 ақпанда бастаған  ҚМА мәліметінше компания басшылығы өз өкілеттіліктерін теріс пайдаланып, мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірген болуы мүмкін. 

Досмұратовтың алдында лауазымды атқарған Шухрат Данбайды 2023 жылы желтоқсанда Атырау облыстық соты 4,5 жылға соттады.

10 қаңтарда «ҚазМұнайГаз» еншілес компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры лауазымына Ғалымжан Жусанбаев тағайындалды.

25 шілде, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.