Алайда, Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағажай аумақтарын тазарту жұмыстары жоспарланған. Оларды ТЖД сүңгуірлері жүргізеді.
Атырауда шомылу маусымы бастала ма, ол Жайықтағы су деңгейіне байланысты. Әзірге, ресми деректер бойынша, ол әлі де сыни деңгейден жоғары.
Былтыр Атырау облысы әкімдігінің шешімімен шомылуға арналған 46 орын белгіленсе, оның тек алтауы ғана – Индер және Жылыой аудандарында, сондай-ақ Атырау қаласында ашық.
Қазіргі уақытта ашық су қоймаларында және су жайылған жерлерде шомылуға қатаң тыйым салынған. Бірақ тыйым салынғанына қарамастан, тек соңғы аптада Жайыққа – Көкарна мен Бесіктіде төрт бала суға батып кетті.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА