Осылайша өңірдің табиғи газға сұранысы жабылмақ. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдулат Кенжебеков мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұған дейін ауданның Тасқұдық, Соркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай ауылдарына көгілдір отынсыз отырды. Мәселені шешу үшін энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасымен елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме - «Компания Газ Строй» ЖШС.
- Қазіргі таңда жоба бойынша 121 шақырым газ желісі жүргізіліп, 17 дана газды реттеу пунктінің қорабы орнатылды. Тамызда газ құбыры желілеріне сығымдау жасалып, кейін нысанды қабылдау басталады. Жобаны жылу беру маусымына дейін іске қосу жоспарланды. Нәтижесінде 500-ден астам ауыл тұрғыны көгілдір отымен қамтылады, - деді А.Кенжебеков.
Сонымен қатар, Қызылқоға ауданының газбен қамтылуы 100%-ға жетіп, жалпы облыс халқының көгілдір отымен қамтылу деңгейі - 99,9 %.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА