Атырау, 23 қараша 22:22
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өртенген колледждің орнына көпқабатты тұрғын үй салынады

Сурет
965 просмотра

Атырау билігі Мұнай және газ технологиялық колледжінің қараусыз қалған ғимаратының тағдырын шешті.

«Шалқыма» автобус аялдамасына жақын жерде орналасқан екі қабатты колледж ғимараты 1949 жылы салынған. Осыдан он шақты жыл бұрын оқу орнының ғимараты қауіпті деп танылғандықтан көшірілді. Ал 2018 жылдың көктемінде ол жерде қатты өрт шығып, содан кейін ғимарат үйсіз-күйсіз жүргендердің баспанасына, балалар ойнайтын орынға және қоғамдық дәретханаға айналды.

Қала әкімдігі «АЖ» сауалына жауап ретінде мынаны хабарлайды: «Атырау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы №556 қаулысына сәйкес нысаналы мақсаты бойынша көпқабатты тұрғын үй салуға арналған жалпы ауданы 0,20 га жер учаскесі жеке тұлғаға мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскесінің орнына берілген».

Бұл жерді кім алғаны, елес үйдің қашан бұзылып, құрылысы қашан басталатыны нақты айтылмады.

Лев ГУЗИКОВ

Сурет: Андрей КОРАБЛЕВ, Facebook

24 шілде, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.