Атырау, 14 тамыз 01:33
 дождьВ Атырау +28.2
$ 465.08
€ 536.52
₽ 5.56

Атырауда терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының басшылығымен​ терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді ​

962 рет қаралды

2024 жылғы 24 шілдеде Атырау қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының басшылығымен жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді.

Оқу-жаттығудың мақсаты Орал-Каспий каналы жағдайында террористік көріністерге шұғыл ден қою және теңіз кемелерінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша тәжірибелік пысықтау болып табылады.
Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырамыз.

24 шілде 2024, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.