Биыл Utebayev University-ді 600-ге жуық студент бітіріп, жас маман атанды. Соның ішінде 43 білімгер дуалды оқыту жүйесімен өндіріс орындарында тағылымдамадан өтіп, еңбек кітапшаларын алды.
Дуалды оқыту бағдарламасы білім алушыларға салалық жұмыс орнында кәсіптік және іскерлік дағдыларды игеруге, күрделі мамандықты меңгеруге, әртүрлі жүйелер – білім, ғылым және өндірісті қамтитын жоғары білім алуға мүмкіндік береді. Студенттердің оқу жүктемесінің кем дегенде 40 пайызы кәсіпорындағы жұмыс есебінен игеріледі.
Utebayev University-де дуалды оқыту жүйесі елімізде алғашқылардың бірі болып, 2015 жылы іске қосылды. Бүгінде 800-ге жуық студент халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейдегі 100-ден астам өндіріс орнында осы жүйе бойынша тәжірибеден өтуде, - дейді университет ректоры Гүлзада Шакуликова.