Атырау, 23 қараша 21:56
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырауда 2,5 млн теңге пара алған судьяға 93 млн теңге айыппұл салынды

776 просмотра

Айыппұл төленбесе, енді Махамбет аудандық сотының бұрынғы судьясы бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды BES.Media.

Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясы Ерболат Аманғалиевқа үкім шығарылды - ол алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

2023 жылдың 27 маусымында Construction Group Samruk компаниясы Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылындағы емхананы күрделі жөндеуден өткізу бойынша тендерді ұтып алып, нысанды қосалқы мердігер – «Мурагер Интерстрой» компаниясына (директоры Асылжан Нүсенов) берді. Алайда жұмыс уақытында аяқталмаған.

Іс материалдарына сәйкес, Асылжан Нүсенов таныстары арқылы Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясы Ерболат Аманғалиевқа бұл мәселені сыйақыға шешуге көмектесуін сұраған.

16 қаңтарда Жоғарғы соттың баспасөз қызметі әріптесінің қамауға алынғанын растады: «15 қаңтарда өңір бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, судьяны 2,5 млн теңге алу кезінде қылмыс үстінде ұстады».

Сотта Ерболат Аманғалиев өз кінәсін мойындады.

Ерболат Аманғалиев алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 93,7 миллион теңге айыппұл салынды.

23 шілде, 19:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.