Атырау, 8 қыркүйек 04:54
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

ҚазМұнайГаз және QazaqGaz өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады

553 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшысы Санжар Жаркешовпен кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Тараптар тауарлық газ көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында газ өңдеу зауыттарын салу мәселесі талқыланды.

Сонымен бірге ҚМГ және QazaqGaz даму стратегияларын үндестіру және елімізде өндірісті кеңейту бойынша жол картасын өзектендіру тақырыбы қозғалды.

А.Хасенов ҚазМұнайГаз еліміздің дербес газ саласының флагманы — «QazaqGaz» компаниясымен серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті.

23 шілде, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.