Атырау, 23 ақпан 00:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Атырау-Индер тас жолының 50 шақырымына жөндеу жұмыстары басталды

796 рет қаралды

Облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тас жолының (Жайық өзенінің сол жағы) 117-167 шақырым арасына орташа жөндеу жұмыстары басталды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

⁃Мердігер мекеме «Теміржол Құрылыс Атырау» ЖШС. Қазіргі уақытта жолдың беткі қабаты алынып, айналма жол салу жұмыстары жүруде. Мұнда 14 арнайы техника мен 25 адам жұмылдырылды,- деді аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Шапағат ҒАББАСОВ. 

Оның айтуынша, осы жылдың аяғына дейін көлік қозғалысына мүмкіндік жасау жоспарланған.

23 шілде 2024, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.