Атырау, 26 наурыз 12:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Грузияда 4,9 балдық жер сілкінісі болды

601 рет қаралды
Фото: freepik.com

4,9 балдық жер сілкінісі Грузияның оңтүстік-шығысындағы Дедоплисцкаро муниципалитетінде, Әзірбайжан шекарасына жақын жерде тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ұлттық сейсмикалық бақылау орталығы хабарлады. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Кахети аймағындағы Дедоплисцкаро қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км қашықтықта анықталды.

Ошақ 42 км тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 12:08-де тіркелді. Зілзала қуаты Тбилисиде де сезілген, бірақ ешқандай зақым келмеген. Қирау мен зардап шеккендер туралы хабарламалар болған жоқ.

22 шілде 2024, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.