Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Канделаки Қырғызстанды "русофобия" бар деп айыптады

387 просмотра
Дайырбек Орунбеков / Тина Канделаки

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Орталық Азия елдерін тағы да русофобия бар деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тина Канделаки Қырғызстан астанасы Бішкектегі Иван Панфилов атындағы Әскери даңқ мұражайы орналасқан ғимаратты бұзу туралы шешімге қатысты пікір білдірді. Канделакидің сөзінше, ғимаратты сақтап қалуға мүмкіндік бар еді, алайда оны алып тастаған.

"Батыс сценарийшілері Мәскеу үшін жанын қиған дивизия туралы естелік Қырғызстанда болмауы керек деп есептейді. Елдегі русофобияның (орыстарды жек көру) негізі бұрыннан қалыптасқан... Біз мұны Украинадан, Қазақстаннан және Армениядан байқадық, ал қазір Қырғызстанда көрініс тапты", – деп жазды Канделаки.

Оның сөзінше, "Қырғызстан билігінде кеңес тарихын елден ақырындап өшіріп жатқан саясаткерлер бар".

Өткен аптада Қырғыз билігі Иван Панфилов атындағы Әскери даңқ мұражайы орналасқан ғимараттың республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінен шығарылатынын хабарлады.

Осыған байланысты оны бұзып, жер сілкінісіне төзімді заманауи ғимарат салу ұсынылды.

Канделакидің мәлімдемесіне Қырғызстан президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі Дайырбек Орынбеков жауап берді.

Ол ғимараттың жай-күйі мұқият талданып, техникалық қорытындымен расталған соң бұзу туралы шешім қабылданғанын айтты.

"Құжатта ғимараттың сейсмикалық нормаларға сәйкес келмейтіні көрсетілген. Ғимаратты одан әрі пайдалану адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Оны қалпына келтіру мүмкін емес", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Орынбеков, Тина Канделакиге мұндай мәлімдемелерді жарияламас бұрын, Қырғызстанның тарихын зерттеуге кеңес берді. Тарихты оқыса пікірі 180 градусқа өзгеретінін айтты. 

22 шілде, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.