Атырау, 23 қараша 22:26
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Биыл жарты жыл ішінде электрлі көліктердің қатысуымен 100-ден астам жол-көлік оқиғасы болды

715 просмотра

Қазіргі уақытта скутер, мопед, электросамокат сияқты электрлі көліктердің қатысуымен құқықбұзушылық фактілері жиіледі. Биыл алты айда 105 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл туралы Атырау қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Дәурен Насиполла баспасөз брифингінде мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

 - Халық көп шоғырланатын орында самокат айдаған жасөспірімдер жол тәртібін жиі бұзады. Кәмелет  жасына жетпей скутер, мопед тізгіндеп,тәжірибенің аздығынан қайғылы жағдайға душар болған оқиғалар тіркеліп отыр. Оның алдын алу үшін 5 наурыз бен 31 тамыз аралығында «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр, - деді Д.Насиполла. 

Электрлі көліктердің қатысуымен 930 құқық бұзушылық анықталды. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, 120-дан астам скутер, мопед арнайы тұраққа қойылды. 

- Бұған қарамастан, биыл 105 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Одан 53 адам дене жарақатын алып, 5 адам қайтыс болды. Былтыр 29 маусымда Жол қозғалысы туралы заңнамаға өзгерістер енді. Соған сәйкес скутер, мопед, самокат жүргізушілері жолда жүру ережесін бұзғаны анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 127, 440, 620, 593 баптарына сай Әкімшілік хаттама толтырылады, - деді Атырау қаласының полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының аға инспекторы полиция капитаны Азамат НӘЖМЕДЕНОВ.

22 шілде, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.