Атырау, 23 қараша 22:00
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Махамбет және Бөдене ауылдық округтерінің әкімдері сайланды

1 003 просмотра

Махамбет ауылдық округінің әкімі болып Нұрлан САПАРОВ, Бөдене ауылдық округінің әкімі болып Шырай МЕРГАЛИЕВА сайланды.

Махамбет ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 7740 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 3814. Жарамсыз бюллетеньдер саны 36, «Бәріне қарсымын»  белгісіне  белгі  салғандар саны  79.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Б.Ғ. Қыдыровқа 1017, А.М. Салиевке 1109, Н.З. Сапаровқа 1573.

Махамбет ауылдық округінің әкімі болып САПАРОВ Нұрлан сайланды, 1977 жылы туған, «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маманы, Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған кандидат.

Бөдене ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 907 сайлаушы енгізілді, олардың ішінде, дауыс бергендер саны 469. Жарамсыз бюллетеньдер саны 9, «Бәріне қарсымын»  белгісіне  белгі  салғандар саны  74.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ш.К.Балмановаға 34,

Ш.Т.Мергалиеваға 352.

Бөдене ауылдық округінің әкімі болып МЕРГАЛИЕВА Шырай сайланды, 1976 жылы туған, «Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, Атырау облысы Индер ауданы Бөдене ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған кандидат.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 шілде, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.