Атырау, 23 қараша 22:26
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ембімұнайгаз» АҚ және «Қазгермұнай» БК» ЖШС жаңа басшылары таныстырылды

1 123 просмотра

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен компанияның бас директоры лауазымына Ринат Ізмұханбет тағайындалды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Кәсіпорын ұжымына жаңа басшыны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев таныстырды. Ол бірқатар өндірістік көрсеткіштер бойынша ЕМГ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығын табысты аяқтағанын атап өтіп, бұрынғы басшы Сәбит Арыновқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтты. Ринат Ізмұханбет осыған дейін 2022 жылдың қазан айынан 2024 жылдың шілде айы аралығында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де бас директордың бірінші орынбасары, кейін бас директор лауазымдарын атқарған.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директоры – басқарма төрағасы лауазымына Зияш Қияқбаев тағайындалды.

Жаңа бас директорды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрсейіт Союнов таныстырды. Зияш Қияқбаев тағайындауға дейін 2022-2024 жылдары «КОР» мұнай компаниясы мен «Тасболат Ойл Корпорейшн» ЖШС бас директорының кеңесшісі болып қызмет етті.


19 шілде, 22:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.