Атырау, 8 қыркүйек 04:59
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Дональд Трамп ресми түрде президенттікке үміткер атанды

769 просмотра

Бейсенбі күні Республикалық партияның ұлттық құрылтайының соңғы күнінде Дональд Трамп Милуокиде салтанатты сөз сөйлеп, жиналғандардың қошеметіне ие болды. Сонымен қатар,  президенттікке кандидатурасын ресми түрде қабылдады, деп жазады KAZINFORM ABC News-ке сілтеме жасап.

Трамп жергілікті уақыт бойынша сағат 22:30-да сахнаға шығып, сенбі күні Пенсильваниядағы шабуылдан кейін алғаш рет Республикалық партияның президенттігіне кандидат ретінде ұсынылуды қабылдады.

«Мен Американың жартысы емес, бүкіл Америка атынан үміткермін, өйткені Американың жартысы үшін жеңіске жету ешқандай жеңіс әкелмейді», - деді Дональд Трамп.

Трамп сенбі күнгі шабуылдан кейін қолдау көрсеткендерге алғыс айтты. Д.Трамп Пенсильваниядағы атыс кезінде жиналғандардың үрейленіп қашып кетпегенін атап өтті.

Олардың көпшілігі ерлік көрсетіп, снайпердің қайда болуы мүмкін екенін іздей бастады. Мұны үміткердің артында тұрған топқа қарап көруге болады. Ешкім жүгірмеді, соның арқасында көптеген адам аман қалды.

Д.Трамптың сөзі 1 сағат 33 минутқа созылды. Бұл тарихтағы президенттікке ұсынылатын ең ұзақ сөз болды. Бұған дейінгі рекорд 1 сағат 15 минутты құраған, оны 2016 жылы да Д.Трамп орнатқан болатын.

19 шілде, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.