Қазіргі уақытта қала аумағында көп тіркелген ұрлық деректерінің бірі – велосипед ұрлығы, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері облыс аумағында тұрғын жайлардың маңынан велосипед ұрлаған 18 күдікті анықталып, ұсталды. Ұрланған велосипедтер өз иелеріне қайтарылды. Мәселен, Атырау қаласы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс шарасын өткізу барысында қала аумағында велосипед ұрлығымен айналысқан 2002 ж.т. күдіктіні анықтады. Ол ұрлаған велосипедтер қала аумағында ломбардтардан тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Сондай ақ оның дәл осындай 4 қылмысқа қатысы бар екені анықталды.
Осы ретте, атыраулық полицейлер бөтеннің мүлкін жымқырған, ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.