20 жастағы Томас Мэттью Круксты 13 шілдеде құпия қызмет агенттері атып өлтірді — ол Пенсильваниядағы сайлау митингі кезінде АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трампқа оқ атқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Трамптың тек құлағы жеңіл жарақаттанды. Оның артында тұрған бір адам қастандық кезінде қаза тапты, тағы екеуі ауыр жарақат алды.
ФБР Круксқа қатысты есеп шығарды, оған сәйкес, атқыш британдық корольдік отбасының мүшелерін де атып өлтіруді көздеген. The Mirror басылымының хабарлауынша, америкалық қауіпсіздік агенттігінің тергеуі барысында Крукстың британдық корольдік отбасы мүшелерін зерттегені, тағы бір ықтимал нысаны ретінде көздегені расталған.
Сонымен қатар, тергеушілер Крукс құрылғыларында АҚШ президенті Джо Байден мен Дональд Трамптың фотосуреттерін, сондай-ақ алдағы митингілердің күндерін көрсететін жазбаларды тапты.
Қастандық жасаудан бірнеше күн бұрын Крукс ойын сайтының бірінде:
13 шілде менің дебютім болады, оның қалай болатынын тамашалаңыз, - деп жазып кеткен.