Атырау, 25 қараша 07:49
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тель-Авивте наразылық білдірушілер ХАМАС-пен келісім келіп, кепілге алынғандарды қайтаруды талап етті

791 просмотра
Фото: AP Photo

Тель-Авивтегі израильдіктер Биньямин Нетаньяхуге ХАМАС-пен келісімге келіп, тұтқындағы азаматтарды қайтаруын талап етуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Тель-Авивте жүздеген израильдіктер Биньямин Нетаньяху үкіметінен тұтқындарды босату туралы ХАМАС-пен келісім жасауды талап етіп наразылық білдірді. Олар премьер-министрдің «тұтқындар зардап шегуде, бірақ өлмейді» деген соңғы мәлімдемесін дереу түсіндіруін сұрауда.

«Қазір біз Кирия (Қорғаныс министрлігі) базасының алдында тұрмыз, бұл жерде барлық шешімдер қабылданады. Барлық шешім қабылдаушылар осында. Біз премьер-министрді осы келісімді жасауға шақырамыз. Қорғаныс министрі мен барлық қауіпсіздік қызметтері бізге қазір осы келісімге келудің қолайлы сәті екенін айтады. Егер қазір жасамасақ, онда кеш болады. Біздің оларды тірі қайтаруға мүмкіндігіміз болмайды және ол мұны елдің болашағы, қауымдастықтың болашағы үшін жасау керек», - дейді ХАМАС тұтқынында жатқан Офер Кальдеронның туысы Эяль Кальдерон.

Израильдік делегация Египетке бітімгершілік келіссөздерін жалғастыру үшін келді, тараптар соңғы ұсынысты қарастыруда. Халықаралық делдалдар Израиль мен ХАМАС-ты шайқастарды тоқтатып, Газа секторындағы палестиндік жауынгерлер ұстап отырған 120-ға жуық израильдік тұтқынды босататын келісімге келуге итермелеуде.

 

19 шілде, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.