17 шілдеде Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Tecnicas Reunidas компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Хуан Лиадомен кездесу өткізді.
Тараптар ҚМГ мен Tecnicas Reunidas компанияларының «Силлено» жобасы, яғни, Атырау облысында қуаты 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салу бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Бұдан бөлек, тараптар Қазақстанда терең өңделген тауарлар экономикасын дамытуда стратегиялық маңызға ие мұнай-газ химиясы жобалары саласында перспективалы әріптестік мүмкіндіктеріне тоқталды.
Испанияның Tecnicas Reunidas компаниясы – бүкіл әлем бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалау мен жүзеге асыруды басқаруға маманданған жетекші халықаралық EPC-компания.
Tecnicas Reunidas – құрылыс және жобаларды басқарумен айналысатын халықаралық EPC-компания. Ол мұнай-газ химиясы және басқа да салаларда техникалық-экономикалық негіздеме, индустриалды нысандарды жобалау, сатып алу және салуды қоса алғанда инжиниринг қызметтерінің толық түрін ұсынады.
TR 60-тан астам елде 1000-нан астам өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылысын жобалап, жүргізген. Клиенттері қатарында көптеген ірі ұлттық және халықаралық мұнай компаниялары бар. 2020 жылы TR компаниясы Астанада кеңсесін ашты. Компания жобалау және құрылыс лицензиясына ие (1-санат).