Атырауда бірқатар қала мектебіне жапсаржай салуға қатысты 9 жылдық (!) эпопея аяқталуға жақын.
Еске салсақ, 2015 жылы жемқорлық дауына байланысты қаладағы тоғыз мектепке жапсаржай салу жобасын тоқтатуға тура кңелген еді. Бұл оқу орындарында арнайы асханалар болмаған, ал жапсаржайлар тамақтануға арналған орындармен жабдықталмақ болған. Сол кезде қалалық әкімдік шенеуніктері пен мердігер 64 миллион теңгені жымқырып, соның салдарынан тоғыз жапсаржайдың орнына екеуі ғана пайдалануға берілген;
2020 жылы билік балаларды естеріне түсіріп, қалған мектептерде: А.Чехов атындағы №14, А.Құнанбаев атындағы №15, А.Байтұрсынов атындағы (СМП-163) №23, №28 (Лесхозда), сондай-ақ Т.Амандосов (Тасқала кентi) атындағы және Ф.Оңғарсынова атындағы мектептерде құрылысты қайта бастау туралы шешім қабылдады. Бұл кезде М.Жұмабаев (бұрынғы Ленин) атындағы мектеп асханасын жабдықтау қажеттілігі жойылып, тозығы жеткен ғимарат бұзылды.
Жаңа тендердің жеңімпазы «Строй Центр- Turkestan» ЖШС болды. Алайда қаржыландыру мәселесінің уақтылы шешілмеуі және құрылыс материалдары бағасының көтерілуіне байланысты жобаны жүзеге асыру ұзақ кешікті. Құрылыс осы жылдың ақпан айында ғана қайта басталып, мамыр айында пайдалануға берілмек болды. Белгісіз себептермен екі мектеп – А.Байтұрсынов және Ф.Оңғарсынова атындағы екі мектепті тізімнен сызып тастаған.
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы «АЖ» тілшісіне хабарлағандай, жұмыстарды аяқтау 607,4 млн теңгені құраған. № 14, 28, 15 мектептердің жапсаржайына, сондай-ақ Т.Амандосов атындағы мектепке технологиялық жабдықтар жеткізіледі деп күтілуде, сондықтан нысандар әлі пайдалануға қабылданбаған.
...Осы жылдар бойы оқушылар «бейімделген үй-жайларда» тамақтанған.
Лев ГУЗИКОВ