Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бопсалаумен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
27 жастағы азаматтан жеке басына қатысты бейнематериалдарын әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытып 1 млн теңге бопсаламақ болған күдіктіні ұстады. 24 жастағы облыс тұрғыны жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде ұсталып, қамауға алынды.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қорқытып алу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.