Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығын 610 миллиард теңгені құраса, бір жыл бұрын бұл сома 444 миллиард теңгені құраған, деп хабарлайды Politprosvet.kz.
Қоршаған ортаны қорғауға ең көп қаражатты Ақмола (127,7 млрд теңге), Атырау (89,2 млрд теңге) және Павлодар (59,5 млрд теңге) облыстары жұмсаған. Ең азы – Жетісу облысы (1,6 млрд теңге), Алматы (2,9 млрд теңге) және Қызылорда (4,6 млрд теңге) облыстары.
Сонымен қатар, ауаға ластаушы заттардың шығарындылары бойынша өңірлер рейтингінде ең қолайсыз Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстары тұр, ал Ақмола тоғызыншы орында. Ал бұл көрсеткіш бойынша ең тазасы Жетісу, Қызылорда және Түркістан облыстары болса, оларда кейін Алматы тұр.
Жоғарыда аталған шығындарға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары да, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың (олар шығындардың 97,2%-ын құрайды) және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары кіретінін атап өтеміз.
Республикалық бюджеттен табиғатты қорғауға ең көп қаражатты Қызылорда (501,1 млн теңге), Қостанай (323 млн теңге) және Шығыс Қазақстан (230 млн теңге) облыстары алған. Ал ең азы – Ұлытау облысы (32 мың теңге), Маңғыстау облысы (9,6 млн теңге) және Батыс Қазақстан облысы (25,2 млн теңге).
Жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыға келетін болсақ, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек (5,5 млрд теңге), Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашүкеев (2,3 млрд теңге) және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов (1,7 млрд теңге) алаңдаушылық білдіріп отыр. Ал бұл мақсатқа өңірлерде ең аз қаржыны Асаин Байханов (Павлодар облысы – 120 мың теңге), Берік Әбдіғалиұлы (Ұлытау облысы – 476 мың теңге) және Ерболат Досаев (Алматы – 6,3 миллион теңге) бөлген.
Жалпы алғанда, өңірлердің қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындары (барлық қаржыландыру көздерін қоса алғанда) бойынша рейтингі келесідей:
Ақмола облысы – 127,7 млрд.теңге,
Атырау облысы – 89,2 млрд теңге;
Павлодар облысы – 59,5 млрд теңге;
Ақтөбе облысы – 51,3 млрд теңге;
Жамбыл облысы – 50,3 млрд теңге;
Қостанай облысы – 43 млрд теңге;
Қарағанды облысы – 41,8 млрд теңге;
Шығыс Қазақстан облысына – 38,8 млрд теңге;
Түркістан облысы – 18,3 млрд теңге;
Батыс Қазақстан облысы – 15,1 млрд теңге;
Ұлытау облысы – 15 млрд теңге;
Алматы – 12,5 млрд теңге;
Шымкент – 9,96 млрд теңге;
Астана – 7,3 млрд теңге;
Солтүстік Қазақстан облысы – 7,19 млрд теңге;
Маңғыстау облысы – 7,16 млрд теңге;
Абай облысы – 6,96 млрд теңге;
Қызылорда облысы – 4,6 млрд теңге;
Алматы облысы – 2,9 млрд теңге;
Жетісу облысы – 1,6 млрд теңге.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ