Атырау, 8 қыркүйек 05:10
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Мбаппе "Реалмен" бес жылға келісім жасады

441 просмотра

Француз форварды Килиан Мбаппе мадридтік "Реал" командасының ойыншысы атанды. Ол командамен 2029 жылға дейін келісім жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

25 жастағы француз футболшысы клуб президенті Флорентино Переспен болған ресми кеште келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы "Реалдың" баспасөз қызметі хабарлады.

Құжаттарға қол қойылған соң форвардтың презентациясы танымал "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтті. 

Оған 80 мың адам жиналған. 

Салтанатты шараға танымал футболшы, команданың бұрынғы жаттықтырушысы Зинедин Зидан қатысқан. 

"Реалда” ойнауды көп жыл бойы армандадым. Бүгін арманым орындалды. Бала бақытты. Маған бірінші күннен сенім білдірген президент Флорентино Переске алғыс білдіремін. Көп оқиға болды. Менің осында болуыма атсалысқан адамдардың бәріне рахмет”, – деді Мбаппе. 
17 шілде, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.