Балтық жағалауы елдері Ресей мен Беларусьті 2025 жылдың ақпанында электр желісінен ажырау туралы хабардар етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Біз Ресеймен соңғы энергетикалық байланыстарды үземіз. Алты айдан кейін біз ресейлік және беларусьтік электр желілерінен ажырап қана қоймай, қалған соңғы электр беру желілерін де бөлшектейміз", - деді Литваның Litgrid электр желілерінің мемлекеттік операторының басшысы Рокас Масюлис.
Сондай-ақ, латвиялық AST операторы мен эстондық Elering компаниясының өкілдері осындай шешім қабылдағанын жариялады.
Балтық елдері 7 ақпанда ресейлік электр желісінен ажыратылып, екі күннен кейін еуропалыққа қосылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Латвия, Литва мен Эстония өздерінің электр желілерін еуропалық континентальды жүйемен синхрондау туралы шешім қабылдады, ол үшін олар ЕО-дан қаржы алды. Бұл елдер Польша арқылы Еуропалық одақтың энергетикалық жүйесіне қол жеткізе алады.