Атырау, 23 қараша 22:55
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда тоғыз кәріз-сорғы станциясын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр

768 просмотра

Алдағы екі жылда барлығы 45 кәріз-сорғы станциясын қайта жаңартып, күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Оның тоғызында жұмыстар басталды, биыл жылдың аяғында пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Тұрғын үйлер мен мекемелердегі ағынды су кәріз-сорғы станциялары арқылы сорылады. Олардың көпшілігі 1945-1990 жылдар аралығында салынған. 

Бүгінгі таңда облыс орталығында қуаттылығы 2×800 м3/сағ төрт КСС-тің жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, олар Нұрсая, Лесхоз, Авангард-4 ықшам аудандарында және Махамбет пен Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан. Сонымен қатар Азаттық, Владимирский көшелерінде, Атырау темір жол ауруханасы, «Өнерпаз» тұрмыс үйінің жанында, Тұрғын үй қалашығы және Вокзал маңы ықшам аудандарында қуаты сағатына 190 текше метр бес станция қайта жаңғыртылуда.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Айдулат КЕНЖЕБЕКОВТІҢ айтуынша, қайта жаңарту жүргізілгеннен кейін су бұру сапасы жақсарады.

- Жаңғырту нәтижесінде кәріз сорғы станцияларында жабдықтар мен сорғылар жаңартылады. Негізінен тұрмыстық қалдықтардың кесірінен кәріз жүйесінің бітелуі жиі кездеседі. Жаңартылған станцияларда жаңа жабдық қалдықтарды кесуге арналған пышақтармен жабдықталады, бұл әртүрлі төтенше жағдайдың алдын алады. КСС ескі ғимараттарының орнына заманауи блок-модульдік ғимараттар салынады, – деді А.Кенжебеков.

17 шілде, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.