Атырау облысы аумағында 8-12 шілде аралығында республикалық “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шара кезінде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы кәсіпкерлік субъектілері, дәріханалар тексерілді.
Прекурсор – кез келген күрделі тыйым салынған затты синтездеу үшін бастапқы компонент ретінде әрекет ете алатын арнайы химиялық элемент (немесе қоспа).
Нәтижесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымына қатысты ережелерді сақтамағаны үшін 10 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 7 тонна 840 келі прекурсорлар мен 751 дана есірткі, психотроптық дәрілік препараттар тәркіленді.
Сонымен қатар, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен 3 қылмыстық іс тіркеліп, күдіктілер УҰИ-на қамауға алынды. Олардан барлығы шамамен 529 грамм синтетикалық есірткілер тәркіленді.
Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайына жүргізілген жедел-тергеу жұмыстары нәтижесінде рұқсатсыз сатуға тыйым салынған тропикамид препараттары анықталып, тәркіленді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА