2024 жылдың 15 шілдесінен бастап 26 шілдесіне дейін бизнес-гранттар алуға екінші лек бойынша өтінімдерді қабылдау басталады.
400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде белгіленген мемлекеттік грант - бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал.
Грант қаражаты ісін жаңа бастаған жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын азаматтарға өз бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Гранттар келесі бағыттарда қолдану үшін беріледі: қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.
Өтініш беру үшін сізге:
- порталда тіркелу;
- грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
- бизнес-жоспар шаблонын жүктеп алу, оны толтыру және порталға жүктеу;
- өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.
Интернетке немесе компьютерге қол жетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.
Бизнес грантына кім ие бола алады:
- тіркелген жұмыссыздар;
- жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).
Бұл ретте үміткер әлеуметтік санаттардың біріне жатуға тиіс:
- мүгедектігі бар адамдар;
- "қандас" мәртебесі бар тұлғалар;
- өңіраралық қоныс аударушылар;
- аз қамтылған отбасы мүшелері;
- көп балалы отбасының мүшесі (жұбайы/зайыбы);
- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
- асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар.
3 жылдан аспайтын мерзіммен "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың болуы міндетті.
Business.enbek.kz порталында бизнес грант алу ережесімен толық танысып, өтініш беруге болады.