Атырау, 3 қараша 21:30
 дождьВ Атырау +11.8
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

Атырауда су тасқыны кезінде бұзылған жолдар жөнделіп жатыр

1 013 рет қаралды

Атырауда су тасқыны кезінде бұзылған жолдар жөнделіп жатыр. Ерте тасыған Ойыл өзені Қызылқоға ауданының халқын әбден әбігерге салған еді, деп хабарлайды 24kz. 

Ал, Жемнің суы Атырау – Ақтау автомагистиарлының Жылыой ауданындағы учаскесіне айтарлықтай залал келтірді. Арнасынан асқан Жайық республиалық маңыздағы Атырау – Орал тасжолын 2 жерден бұзып, облысішілік Атырау – Индер – Қарабау – Миялы күре жолын жарамсыз етті. 

Аслан Дүйсенов, «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филилалы басшысының орынбасары:

- Жалпы 66 шақырымның орташа жөндеу жұмыстарына жеңімпазы анықталып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары басталды. Жарықшақтарға шайыр құю, шұңқырларды жамау, түзету қабаты және беттік өңдеу қабатын жөндну жұмысары атқарылатын болады.Сонымен қатар Мұқыр – Құлсары деген жолымыз бар. Ол жолға да орташа жөндеу жұмыстарына конкурстық процедуралар жүріп жатыр. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен көктемгі тасқын кезінде бүлінген Қызылқоға ауданында да 1 көпір мен 12 жол учаскесін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
16 шілде 2024, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.