Хусрав Тоиров жуырда Ресейдің Сербияны жеңгені туралы жазбаға лайк басып, мұның соңы жанжалға ұласқан еді, деп хабарлайды Asia-Plus.
Украиналық «Шахтер» Хусрав Тоировты команда құрамынан босатты: ол командаға орныға алмады және матчта өте аз тәжірибе жинады. Тәжік футболшы бұрынғы қазақстандық «Атырау» клубына оралды.
Transfermarkt порталының хабарлауынша, Хусрав Тоиров «Атырауға» 2024 жылдың соңына дейін жалға алу құқымен келген. Неміс сайтының мәліметінше, ойыншының нарықтық құны 200 мың еуроны құрайды.
Хусрав Тоиров «Шахтерге» 2023 жылдың наурыз айында 300 мың еуро жалақымен қосылды және содан бері дондықтардың бірінші командасында 2 матчта бар болғаны 21 минут өткізді, негізінен U-19 құрамасында ойнады. Жаңа маусымда ойыншы бұдан былай жасына байланысты U-19 құрамасында ойнай алмайды.
Сондай-ақ футболшы жақында жолдастық кездесуде Ресейдің Сербияны жеңгені (4:0) туралы жазбаны ұнатып, лайк басып, соңы жанжалға ұласқан болатын. Содан кейін «Шахтер» ойыншыға бір айлық жалақысын айыппұл ретінде ұстап қалды.
Тоировтың «Шахтермен» келісім шарты 2027 жылдың соңына дейін күшінде.
Хусрав Тоиров Душанбенің «Локомотив-Памир» клубының түлегі: ол 2020 жылдың сәуірінде 15 жасында дебют жасаған. 2022 жылдың тамыз айында ол Қазақстанның жоғары лигасының «Атырау» командасымен келісімшарт жасады. 2022/23 маусымында ол 11 матчқа қатысып, 2 нәтижелі доп берді. Тоиров Тәжікстан жастар құрамасының (U20) ойыншысы болды, оның құрамында 2022 жылдың қыркүйегінде дебют жасады.