Атырау, 23 қараша 22:39
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сот Атыраудағы ірі техника дүкенін ұқыпсыз тасымалдаушылар үшін жауап беруге міндеттеді

707 просмотра

Техника сату орталығымен бұзылған мұздатқышты ауыстыруға келісе алмаған қала тұрғыны сотқа жүгінді.

Атырау қалалық сотының мәліметінше, Атырау тұрғыны қомақты ақшаға – 635 мың теңгеге мұздатқыш сатып алған. Тауар жеткізілген кезде сатып алушы бірнеше жерінің майысқанын көріп, ауыстыруды сұрайды. Алайда сауда орталығының әкімшілігі тауардың сыртқы түріне жауапты еместігін айтып, бас тартқан.

Техника дүкенінің тұтынушы құқығын бұзып жатқанын дәлелдеу үшін сарапшы тарту керек болды. Сарапшы өз кезегінде мұздатқыш тасымалдау кезінде бүлінген болуы мүмкін деген болжам жасады. Алайда бұл дүкеннің жауапты екенін дәлелдеуге кедергі болмады. Осылайша, сот әкімшілікті мұздатқышты дәл осы сомадағы осындай тауарға ауыстыруға міндеттеді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

15 шілде, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.