Атырау, 24 қараша 00:41
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Мұнайшы" бассейнінде қыз бала суға кетті

714 просмотра
Сурет бассейннің ресми парақшасынан алынды

Бұл туралы Атырау облысының полиция департаменті хабарлайды. 

14 шілде күні сағат 16:30 шамасында Мұнайшы стадионындағы бассейнде 10 жастағы оқушының қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс тіркелді. Atyrau Online таратқан ақпарат бойынша ҚР ҚК-нің 141-бабы 2 тармағымен ("Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

"Туысқаны кәмелетке толмаған баланы бассейнге әкеліп, 16:00-ден 17:00-ге дейінгі аралықтағы уақытқа бір реттік билет алады. Балаларға арналған тереңдігі 1 метр бассейін бола тұра, баланың ересектерге арналған тереңдігі 2,5 метр болатын бассейнге қалай түскенін белгісіз" - деп хабарлады "Мұнайшы" орталық жүзу бассейнінің әкімшілігі. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалып, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Ең үлкен "Мұнайшы" бассейні отбасына арналған кешен ретінде жұмыс жасайды. Бассейннің ұзындығы - 50 метр, ені - 21 метр, 8 жолағы бар, тереңдігі 2 метрден бастап 5,5 метрге дейін белгіленген.  

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

15 шілде, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.