Әлеуметтік желіде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті президенті ретінде Геннадий Головкиннің жалақысына қатысты ақпарат тарады, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.
Қазақстан ҰОК бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді.
Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады. Оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ.
Ең алдымен оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК-тің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталған.
Өз қызметіне кіріскен бойда Геннадий Головкин ҰОК-тің мемлекеттік бюджет ақшасына үміттенбейтінін ашық айтқан. Ұйымның қызметі Г. Головкиннің қатысуымен тартылған демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асуда.
Жалған ақпарат таратушылар ҚР заңына сәйкес жауапқа тартылатынын, нақтылап айтар болсақ, ҚР ҚК 274 бабына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз.