Атырау, 24 қараша 00:23
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Махамбет ауданындағы жасөспірімнің өлімі: прокуратураның ақпараты

768 просмотра

Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында ауылдасымен келтірілген соққыдан 17 жасар жасөспірім қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша полициямен «Абайсызда қазаға ұшырату» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. 11 шілдеде Атырау облысы прокуратурасының нұсқауымен күдіктінің әрекеті «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен дәрежеленіп, ол қамауға алынды.

13 шілдеде оған қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Істің тергеп-тексерілуі ерекше бақылауда.




15 шілде, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.