Атырау, 20 желтоқсан 17:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

Қазақстанда жаңа мемлекеттік компания құрылады

1 203 просмотра

«Теңіз жасағы» акционерлік қоғамын құру туралы Үкімет қаулысы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Үкімет қаулысына сәйкес, «Теңіз жасағы» АҚ мемлекеттік компаниясы келесі қызметтерді атқарады:

  • Солтүстік Каспий мұнайдың төгілуіне әрекет ету экологиялық базасын және Каспий теңізінің қайраңында іске асырылатын басқа да теңіздегі мұнай операцияларына қолдау көрсететін инфрақұрылымдық нысандарды пайдалануға беру, пайдалану, басқару және сервистік қызмет көрсету;
  • Каспий теңізінің қайраңында іске асырылатын теңіздегі мұнай операцияларына қолдау көрсететін инфрақұрылымдық нысандарды жасау;
  • мұнайдың төгілуінің алдын алу және төгілген жағдайда теңізде және жағалауда әрекет ету жұмыстары;
  • мұнай-газ жабдығын шығару және сервистік қызмет көрсету жобаларына қатысу;
  • мұнай-газ саласында техникалық қолдау көрсету.

Сондай-ақ, қаулы жобасында компанияның жарғылық капиталына мемлекеттің 100% қатысатыны айтылған. 

«Теңіз жасағы» акционерлік қоғамына Төтенше жағдайлар министрлігіне иелік етпек және компания Маңғыстау облысында орналасады. Қаулы жобасы 26 шілдеге дейін көпшілік назарына талқылауға ұсынылып отыр.

12 шілде, 23:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.