Атырау, 24 қараша 00:46
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Индердегі лагерь биыл бала қабылдамайды

Сурет
591 просмотра

Индер аудандық «Жас өркен» жазғы балалар лагері биыл оқушыларды қабылдай алмады.  Алты кезең бойынша 1008 баланы қабылдайтын лагерь күрделі жөндеуге тұрған. «АЖ» тілшісі Елтай ауылында орналасқан лагердің бүгінгі жай-күйімен танысып қайтты.

Құрылтайшысы Индер балалар өнер мектебі болып табылатын лагерь тек жазғы маусымға арналған, жылдың басқа мезгілінде жұмысын толық тоқтатып, жабық тұрады. Тек қарауылшылар бақылауында болады. Айта кету керек, лагерь экс-әкім Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ кезінде салынған ғимараттардың бірі. Елтай ауылынан 3 км қашықта орналасқан бұл лагерге бірнеше рет жөндеу жұмысы жүргізілді. Бірақ қалыпты деңгейде жұмыс жасауына кедергілер әлі бар болып шықты. Пайдаланылуға берілгеніне 14 жыл болған ғимараттың төбесінен су кетіп, канализация дұрыс жұмыс жасамайды,ал әжетхана сыртта орналасқан. Бес корпустың сырты да ескіріп тозған. Осы жұмыстарды жасау үшін биыл жөндеу жұмысына бюджеттен 129 млн теңге бөлінді. Мұнда бүгінде үш мердігер жұмысын жасап жатыр. «Полимер-Тех» ЖШС-не концерттік сахна салу, ғимараттың қасбетін жаңалау, әр ғимаратқа кәріз жүйесін жүргізу міндеттелсе, «КаспийҚұрылысЛТД-2017» ЖШС ғимараттардың шатыр айналасын жөндеу, ал «АсылЕңбекҚұрылыс» ЖШС-не лагерь ауласын қоршау жұмыстарын жүргізу белгіленген. Жөндеу жұмысының сметалық жобасы бұдан екі жыл бұрын жасалған.

- Концерттік сахна салынды, ғимараттардың қасбетін жасау жұмыстары аяқтала келді. Жалпы бұл жұмыстар 90 пайызға орындалып тұр деуге болады. Енді кәріз жүйесін жүргізіп, әжетханаларды жасалып жатыр. Материалдар уақытында келіп тұр, жұмсытарды келісім шарт мерзімінен бұрын бітіруге жұмыстанып жатырмыз, - дейді «ПолимерТех» ЖШС-нің осындағы өкілі Бекбол ИХСАНОВ.

- Бізге шатыр айналасын жөндеу жұмысы белгіленген, себебі бұрын ғмараттың төбесінен су кетіп тұрған екен. Минвата төсеп, шатыр айналасын су кірмейтіндей етіп жөндедік. Бұл жұмыстарға 11 млн 700 мың теңге бөлінді. Жалпы жұмысты уақытында жүргізіп, бұдан бір ай бұрын бітіріп, тапсырысшыға актпен тапсырдық, - дейді «КаспийҚұрылыс ЛТД-2017» ЖШС-і директордың орынбасары Ержан УСЕЕВ.

Жалпы үш мердігер де өз жұмысын 60 күнде аяқтап, тапсыруы тиіс. Конкурс бойынша жеңімпаз атанған мердігерлер аудандық балалар өнер мектебімен келісім шартқа сәуір, мамыр айларында отырған.

- Жұмыстарын жасап жатыр, бірақ әлі де толық бітуге ерте. Бір жағынан биыл су тасқынынан қажетті материалдарды жеткізуде жол болмай қиындық та туғызған болатын. Төтенше жағдайға байланысты мердігерлердің өтініші бойынша бір ай қосымша уақыты бар. Жоғарыда аталған жұмыстардың сапалы етіп аяқталуы үшін басы-қасындамыз. Бірақ биыл жазғы лагерь бала қабылдамайды, - дейді аудандық балалар өнер мектебі директодың м. а. Гүлзада ТАСЫБАЕВА.   

- «Жас өркен» лагеріне демалуға тиісті 1008 бала мектеп жанындағы лагерлерге кезекпен бөлінген. Бұрын 15 мектеп жанында 742 оқушы қабылданатын, енді олар көбейді. Осыған орай барлық жағдай жасалған. «Жас өркен» лагері тек жазғы уақытқа арналған, басқа мезгілде жұмыс жасамайды, - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша ДІЛМҰШАШВА.          

Ляззат ҚАРАЖАНОВА

15 шілде, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.