Атырау, 3 қыркүйек 07:53
 дождьВ Атырау +13
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

Атырауда мопед жүргізушілері жіті назарда

1 399 рет қаралды

Жыл басталғалы мотокөліктердің қатысуымен 106 жол-көлік оқиғалары орын алып, 5 адам қайтыс болды. 

Осыған орай, патрульдік полицейлер қала аумағында мопед көлік құралын басқарып, жол ережесін сақтамаған жүргізушілерді жауапқа тартты.

Айта өтейік, 1 аптаның ішінде полицейлер мопед көлік құралының қатысуымен болған 73 құқық бұзушылықты анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша әкімішілік хаттама жасақтады.

- Мотокөліктермен орын алатын жол-көлік оқиғаларын қамтамасыз ету мақсатында, жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, жол жүрісі ережесіне бағынып, қатаң сақтауларын ескертеміз, - деді Атырау қаласының патрульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Даурен НАСИПОЛЛА.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 шілде 2024, 23:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.