Атырау-Ақтөбе жолында «Mercedes-Benz» көлігін басқарған шетел азаматы «Toyota Camry» автокөлігіне соқтығысты.
Шетел азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс Мақат аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша қаралды.
Анықталғандай, шетел азаматы арақашықтықты сақтамай, бір бағытта алдыңғы қатарда қозғалып бара жатырған көліке соқтығысқан. Соқтығыс екпіні салдарынан «Toyota Camry» маркалы автокөлігі тағы бір автокөлікке соқтығысып қалды.
Сот отырысында Түркия азаматы өз кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін айтты. Сот қаулысымен оған 73 840 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА