28 маусым күні Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы кинология орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Азаттық даңғылындағы үйлердің бірінде синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан 37 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тінту кезінде құны 8 млн теңге шамасында болатын мыңға жуық доза “Альфа-PVP” синтетикалық есірткі заттары анықталды.
37 жастағы ер адамның Telegram әлеуметтік желісі арқылы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу, сатып алу және сақтаумен айналысатын жарнама арқылы жеңіл пайда тапқысы келгені белгілі болды.
Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша қамауға алынды.