Атырау облысы Қызылқоға ауданының азаматы әлеуметтік желі арқылы діни мазмұндағы материалдарды таратқаны үшін 129 220 теңге айыппұл төлейтін болды.
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының мәліметі бойынша, бұл азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағымен (ҚР діни бірлестіктерінде тіркелмеген діни мазмұндағы материалдарды тарату) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс көтерілген.
Құқықбұзушы «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы діни мазмұндағы материалдарды таратқан. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін айтты.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА