Юлия Навальная «террористер мен экстремистер» тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Росфинмониторинг Юлия Навальнаяны «экстремистік қызметке немесе терроризмге қатысы бар» ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізіміне енгізді.
Еске салайық, екі күн бұрын Мәскеудің Басман аудандық соты Ресей Федерациясының тергеу органдарының өтініші бойынша экстремистік қоғамдастыққа қатысы бар деген айыппен Юлия Навальнаяны сырттай қамауға алды.
Соттың баспасөз қызметі Навальная алдын-ала тергеу органдарынан жасырынып қалғанын, осыған байланысты іздеу жарияланғанын баса айтты. Тұтқындау мерзімі айыпталушы ұсталған сәттен бастап есептеледі.
Юлия Навалная – Ресейдегі оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың жесірі. Алексей Навальный осы жылдың ақпан айында түрмеде қаза тапты. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін Юлия Навалья саяси қызметке кірісті. Ол Human Rights Foundation халықаралық құқық қорғау ұйымын басқарады.