Атырау, 21 қыркүйек 10:36
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Қалалық әкімдікте жаңа тағайындау

1 089 просмотра

Атырау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы болып Бөлеков Нұрболат Бағытжанұлы тағайындалды.

Бөлеков Нұрболат Бағытжанұлы 1988 жылы Атырау облысында туған.     
       
2010  жылы Атырау мұнай-газ институтын аяқтап, «Мұнай және газ ісі» мамандығын, 2018 жылы  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін аяқтап, «Құрылыс»  мамандығын   алған.
      
Еңбек жолын 2011 жылы «Жігермұнайгазсервис» ЖШС мекемесінде жұмысшы болып бастап, кейіннен мұнай саласында инженер, жабдықтаушы менеджер, басшы лаузымдарда қызмет атқарған.       
      
2022 жылдан мемлекеттік қызметте, 2022-2023 жылдары Атырау қалалық құрылыс бөлімінде бас маман, 2023-2024 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй- коммуналдық  шаруашылығын экономикалық талдау басқармасының сарапшысы лауазымында қызмет атқарған.

Тағайындалғанға дейін Қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары  лауазымында жұмыс істеді.

11 шілде, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.