Ресейлік сарбаздар Украинадағы ұрыс аймағында электр самокаттар қолдана бастады. Бұл туралы "Донбасстағы Mash" Telegram арнасы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Әскерилердің айтуынша, бұл позициялар арасында дыбыссыз әрі жылдам қозғалуға мүмкіндік береді, сонымен қатар атыс кезінде жалтару оңай болмақ.
Екатеринбургтен Украина аймағына электр самокаттарын жіберуді маусым айының соңында Мемлекеттік Думаның депутаты Максим Иванов ұсынды. Ол Ресей армиясының граната атқыштар взводының командирлерінің бірінен тиісті өтініш алғанын мәлімдеді.