Әлеуметтік желіде тараған бейнероликке қатысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.
Аталған бейнероликтегі Атырау қаласындағы жүргіншілерге арналған көпірден Жайық өзеніне секірген балалар іздестірілуде. Атырау облысы ТЖД тарапынан балалардың ата-анасына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша айыппұл салынатын болады.
Құтқарушылар күнделікті профилактикалық рейдтер жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін су айдындарында шомылған тұрғындар мен жасөспірімдердің ата-анасына жалпы саны 20 адамға айыппұл салынды.
Атырау облысының аумағында суға шомылу маусымы ресми түрде ашылған жоқ.
- қазіргі кезде суға шомылу өміріңізге қауіпті екенін ескертеміз.
- 112 құтқару қызметінен келген хабарламаларға аса назар аударыңыздар.
- өз өмірлеріңізге аса жауапкершілікпен қараңыздар.
Бекітілген ереже мен қағидаларды сақтамай, ескертулерге құлақ аспаудың салдарынан:
2023 жылы 7 адам оның ішінде 3 бала қаза тапты.
2024 жылы 5 адам оның ішінде 1 бала қаза тапты.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, әрбір ереже – сіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалған. Оларды сақтаңыз, өзіңізді және өзгелерді қорғаңыз!
- Жайық жағасындағы ахуал әлі де күрделі, жағадан алшақ болыңыздар.
- су айдындарындағы тыйым салу белгілеріне бей-жай қарамаңыздар.
- жазғы демалыс кезінде балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
- қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар.