Атырау, 24 қараша 00:47
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырау облысының ауылдарында ауыз су тапшы

1 337 просмотра

Құрманғазы ауданындағы Жамбыл (Нұржау ауылдық округі), Амангелді (Бірлік округі) ауылдарында ауыз су тапшылығы жойылар емес.  

- "Ақбұлақ" бағдарламасымен пайдалануға берілген су құбырлары мен су тазарту қондырғысындағы насостар жиі істен шығады. Суды белгілі бір уақытта шектеп береді. Бұл қиындықтан шығу үшін шелектеп су тасуға тура келіп тұр. Водовозбен берілген су жеткіліксіз, жаз болса бізде осы күй. Бау-бақша қурап қалған, енді ауыз суға зар болып отырмыз. Қиғаш өзенінің бойында отырған ауылдар осындай күй кешіп жатыр, - дейді тұрғындар ренішпен.  Неге су жоқ? Осы сұрақты "АЖ" тілшісі Құрманғазы ауданы әкімі Абат ЖАНҒАЛИЕВҚА қойған еді. 

- Ауданда жазғы (бау-бақша суаруға) су құбыры жоқ. Жаз мезгілінде халық ауыз судан бақшасын суарады. Сондықтан су жетпей жатыр. Жазғы су құбырына смета жасақталып жатыр, ал водовоз тегін су таратып отыр, - дейді А. Жанғалиев. 

Кейін аудандық әкімшіліктің баспасөз қызметінен жауап келді: 

"7 шілде күні Амангелді, Жамбыл ауылдарына су беріп тұрған жаға бойындағы 1-су көтеру стансасындағы су сорғы істен шығып, тұрғындарға су беру режимі тоқтатылған болатын. Су таратушы жауапты мердігер "Құрманғазы су арнасы" ЖШС-нің мамандары айналысқанымен тиісті деңгейде су жиналмады, толықтай су жетпей қалды. Қазіргі уақытта су беру стансасы жұмыс жасап тұр. Су жетпеген жерлерге мекеме арқылы водовоз бөлінген. Мәселе аудан әкімінің бақылауында".  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 шілде, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.