Атырау, 24 қараша 00:28
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«KMG Drilling & Services» ЖШС бас директоры тағайындалды

944 просмотра
Сурет: Baq.kz 

Сұңғат САМАРБАЕВ «KMG Drilling & Services» ЖШС бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.

Самарбаев Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-ін, сондай-ақ Роберт Гордон университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын Baker Hughes компаниясында инженер болып бастаған.

Әр жылдары «Самек Интернэшнл» ЖШС, «Северо-Каспийская Нефтяная Компания», «Юпитер Энерджи Пти Лтд» ЖШС, «РД «Қазмұнайгаз» АҚ-да бұрғылау жөніндегі инженер болып жұмыс істеді.

2014 жылдан бастап «KMG Drilling & Services» ЖШС (құрлықтағы бұрғылау департаментінің бас сарапшысы, құрлықтағы жобаларды басқару департаментінің бас сарапшысы, аймақ бойынша операциялық қызмет жөніндегі менеджердің орынбасары, ұзақ мерзімді даму жөніндегі басқарушы директор) жұмыс істейді.

2022-2024 жылдары - «KMG Drilling & Services» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.

«KMG Drilling&Services» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны болып табылады, Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай ұңғымаларын бұрғылау және салу бойынша қызмет көрсетеді. Nabors Drilling International Ltd (KMG Nabors Drilling ЖШС), сондай-ақ Parker Drilling (KMG Parker Drilling Company ЖШС) бірлескен кәсіпорны бар.

10 шілде, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.