5 шілдеде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Шымкент стадионында «Тұран» (Түркістан) және «Атырау» командалары арасындағы Лига Кубогының 2-ші турының матчы өтті. Кездесу 0:2 есебімен атыраулықтардың жеңісімен аяқталды.
Еске салсақ, командалар соның алдында кездескен болатын. Бәсекелестер 90 минут бойы және берілгісі келмей қосымша жеті минут ойнады. Еске салсақ, Лига Кубогының бас жүлдесі – бір миллион доллар.
Бұл ойында «Атыраудың» жас қақпашылары Нұрасыл Тоқтаров пен Владислав Саенко жақсы өнер көрсетіп, таймнан ойнады. 38-минутта «Атырау» шабуылшысы Едіге Оралбай «Тұран» қақпашысының сол жағындағы бұрышқа баспен доп соқты. Қақпашының қарсы тұруға дәрмені жетпеді.
Қосымша уақыттың 6-минутында «мұнайшылардың» капитаны Наурызбек Жагоров «Тұран» қақпашысының алаңдап, алаңда жүргенін көріп, қақпаға әдемі доп лақтырған соң, төрешінің ысқырығы естілді.
Осылайша, «Атырау» 4 ұпай жинап, Лига Кубогының топтық кезеңінде көшбасшылардың біріне айналды. «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Әди Адамбаев бұл туралы ойыннан кейінгі сұхбатында: «Шынында, қиын ойын болды, бірақ біз бар күшімізді салдық», - деді.
– Төрт күн бұрын «Тұраннан» жеңіліп қалдыңыздар. Есесін қайтарды деп айтуға бола ма?
– Жоқ, бұл басқа ойын болды ғой. Ол чемпионат болды, бұл басқа турнир. Басқа көзқараспен, құраммен шықтық, жас жігіттер болды. Жақсы ойын көрсеттік.
Осы жеңістің арқасында атыраулықтар 4 ұпаймен «С» тобының көшін бастап тұрғанын айта кетейік.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Сурет: SPORTS.KZ