9 шілде күні сағат 09-52 шамасында «KEGOC» АҚ жүйелік операторы Батыс өңірінде «апатты режим» жариялады.
Сол күні сағат 11.05 шамасында апаттың алдын алуға байланысты автоматика іске қосылып, 110/35 кВ бірқатар желілер ажыратылған болатын. Оған Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы қуаттың тапшылығы әсер етіп отыр.
Сондай-ақ, Атырау энергожүйесінде технологиялық өзгеріс болмас үшін кестеге сәйкес «Атырау Жарық» АҚ желілеріндегі кәсіпкерлік қызметке шектеулер енгізілді.
Салдарынан Атырау облысындағы Махамбет, Қызылқоға аудандары мен Атырау қаласының сол жақ бөлігі жарықсыз қалды.
Сағат 15-33 шамасында жарықсыз қалған барлық аймақтар толықтай электр жарығымен қамтамасыз етілді.